spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
9.7 C
Kokshetau

Ақмолада түзету колониясында 30 сотталушы жұмысқа орналасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының ЕЦ 164/4 түзету колониясында бизнес өкілдері үшін ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ісшараға кәсіпкерлерді шақыруға Атбасар ауданының жергілікті атқарушы билігі мен прокуратурасы қолдау көрсеткен. Кездесуге «Престижстройсемь» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Марат Жаңабергенов қатысты.

Мекеме аумағын аралау өнеркәсіп аймағынан басталды. Кездесу барысында мекемеде темір-бетонды бұйымдар өндірісін ұйымдастыру, сотталушылар үшін жұмыс орындарын ұлғайтуға қажетті жаңа өндіріс учаскелерін ашу мәселелері талқыланды.

«Бүгінгі кездесу қорытындылары бойынша 30-ға жуық сотталушының жұмысқа орналастырумен темір-бетонды бұйымдарды шығару көлемін ұлғайту жоспарланды. Сотталушыларды жұмыспен қамту мемлекет пайдасына дауды өтеуге де жәбірленуші тарапқа да шығынды төлеуге мүмкіндік береді. Тіпті көпшілігі өз отбасыларына да көмектеседі», – дейді мекеме бастығының орынбасары Қанат Тулақов.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img