spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
17.2 C
Kokshetau

Есіл ауданына жаңа әкім тағайындалды

Сондай-ақ...оқыңыз
Ақмола облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Есіл ауданының әкімі болып Еркебұлан Еркешұлы Баяхметов  тағайындалды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Баяхметов Еркебұлан Еркешұлы, 1972 жылы туылған, Көкшетау облысының тумасы, білімі жоғары. Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, сонымен қатар РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясында «Бизнес, эккаунтинг және құқық» бағдарламасы бойынша мамандар даярлау бойынша оқыған.
Түрлі жылдарда «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттігінің» Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы директорының орынбасары, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, ҚР Қаржы Министрлігінің қауқарсыз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ өңірлік филиалының және Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасының басшысы , ҚР Премьер Министрі кеңсесінде қызметтер атқарған.
«Есіл «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы » Ұлттық компаниясы»АҚ қаржы директоры болып жұмыс істеді. Осы уақытқа дейін Степногорск қаласының әкімі қызметін атқарды .
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img