spot_img
Жексенбі, Мамыр 31, 2026
32.2 C
Kokshetau

Ақмолада есірткі заттарын жасырған оқушы қыз ұсталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолада полиция қызметкерлері құрамында есірткі заттары бар дәрілік препараттарды жасырған мектеп оқушысын қолға түсірді, деп «Aqmola News» хабарлайды.
Тергеу барысында кәмелет жасына толмаған оқушы қыздан 230 дәрі таблеткалары тәркіленді.
Облыстық жедел алдын алу шараларын жүргізген тәртіп сақшылары оқушы қызды «тауарды» жасырып жатқан сәтте қолға түсті. Дәрілік препараттар күшті әрекет ететін әрі ауруды сездірмейтін 23 пластина апиын қатарына жататын есірткі болып шықты.
«Тәркіленіп алынған дәрілік препарат энергия және көңіл-күйді жақсартатын құрал болып саналғандықтан жастар мен жасөспірімдер арасында өте үлкен сұранысқа ие. Өкінішке орай жастар есірткіні егер тұрақты пайдаланған жағдайда ғана есірткіге тәуелділік қалыптасады. Нашақор тек инемен егілетіндер ғана деп қателеседі. Алайда, аталған дәрілік препараттар героиннің синтетикалық апиыны болып табылады. Сондықтан бірнеше мәрте қолдану есірткіге тәуелділікке әкеліп соғады», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің нашақорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары Виталий Гудыменко.
Қазіргі уақыта аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 296 бабының 2 тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау қаласында «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті

2026 жылғы 29 мамырда Көкшетауда «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті. Аталған акция жыл сайын өткізіліп, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, азаматтардың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика