spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғып, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста тұман, солтүстік-батыста, оңтүстікте  найзағай ойнайды», – делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысында жел 15-23 м/с күшейіп, облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.

Ақмола облысының солтүстік-шығысында жел 15-23 м/с дейін жетеді. Күндіз Түркістан облысының батысында және солтүстігінде  жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Түнде және таңертең Қызылорда облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, облыстың орталығында жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Қарағанды облысының батысында, шығыс және орталығында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында және солтүстігінде тұман түседі.

Түнде Атырау облысының оңтүстігінде жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысының оңтүстік-батысында және таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, облыстың оңтүстік-батысында жел шаңды дауылмен соғады.

Алматы облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде , солтүстік-шығысында  жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде  жел күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең облыстың батысында және оңтүстік-шығысында тұман түсуі мүмкін.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img