spot_img
Жексенбі, Мамыр 5, 2024
3.8 C
Kokshetau

Дүниежүзілік туризм күні: Зеренді ауданында отбасылық демалыс орны ашылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және 27 қыркүйек – Дүниежүзілік туризм күні Зеренді ауданында Danel туристік нысаны ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, нысанған салынған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 60 миллион теңгені құрады, оның 9 миллион теңгесі «Бизнестің жол картасы-2050» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылған.

«Туристік нысанның басты бағыты-экологиялық таза ауданда отбасылық демалыс ұйымдастыру. Демалыс орнындағы екі және төрт орындық бөлек тұрған үйлерде туристер үшін 28 төсек-орын бар», – дейді ведомстводан.

Зеренді ауылының «Зерен» саяжай кентінде орналасқан туристік нысанның иесі Руслан Асылбековтың айтуынша, мұнда отбасымен келіп демалатындарға барлық жағдай жасалған.

«Демалушылар үшін футбол алаңы, бампербол алаңы бар, Сонымен бірге, монша да қарастырылған. Danel туристік нысанында төрт жаңа жұмыс орны ашылды. Олардың орташа еңбекақысы 150 мың теңгені құрайды», – деп атап өтті кәсіпкер Руслан Асылбеков.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МАРАТ АХМЕТЖАНОВ: « Бұл өнімдер Қосшы қаласының брендіне айналуы тиіс!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img