spot_img
Жұма, Мамыр 17, 2024
19.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Түрікменстан халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гурбангулы Бердімұхамедовке жеделхат жолдады. Онда барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Түрікменстанның көшбасшысы мен түрікмен халқын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаған, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

«Бұл тарихи дата Сіздің халқыңыздың жалпы ұлт болып ұйысқанын және жасампаздық рухының биік екенін көрсетеді. Түрікменстанның мемлекеттілігі мен орнықтылығын одан әрі нығайтуда мұның мәні зор. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында заманауи Түрікменстан бейтарап мемлекет ретінде әлеуметтік-экономикалық жаңғыру және халықаралық аренадағы орнын нығайту тұрғысынан зор жетістіктерге қол жеткізді», – делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдар ішінде қазақ-түрікмен стратегиялық серіктестігі көп ғасырлық достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында дамып келе жатқанын атап өтті.

«Осынау атаулы мереке күні Сіздің аса жауапты мемлекеттік қызметіңізге табыс тілеймін және бауырлас Түрікменстан халқының өсіп-өркендей беруіне ниеттестік білдіремін», – деп жазылған жеделхатта.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Киелі Түркістаннан жеткен «Ұлы дала мұрасы» жылжымалы көрмесі Көкшетау төрінде

18 мамыр – Халықаралық музей күніне орай, киелі Түркістан қаласының «Ұлы дала елі» орталығының қорынан жинақталған «Ұлы дала мұрасы»...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img