spot_img
Дүйсенбі, Сәуір 29, 2024
13.2 C
Kokshetau

Көкшетаулықтар III аймақтық театр фестивалінің қатысушыларын қызыл кілемде қарсы алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында III аймақтық театрлар фестивалінің ашылу салтанаты негізінде театр қайраткерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өткізілді. Онда фестивальге қатысатын Солтүстік аймақтардың бес театрының репартуары баяндалып, қойылатын спектакльдер туралы жан жақты мағлұмат берілді,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және  театрдың 25 жылдығына орай  III-ші аймақтық театрлар  Фестивалі ұйымдастырылуда. Оған Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл қалаларындағы облыстық қазақ театрлары қатыспақ.

Биылғы жылғы қыркүйектің 17-20 күндері аралығында өтетін фестивалдің ашылуына арналған баспасөз жиынында театр жетекшісі Мұратбек Оспанов бұл айтулы шараның маңыздылығын атап өтті.

Биылғы жыл біздің ұжым үшін есте қаларлық естеліктерімен ерекшеленбек. Театрымыздың 25 жылдығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа тұс келуде. Осындай айтулы оқиғаларға орай осы фестивальді ұйымдастыруды жөн көрдік. Біздің бұл бастамамызды ең алдымен облыс әкімі Ермек Маржықпаев қолдады. Сол үшін театр ұжымы атынан алғыс айтамын. Қойылатын спектакльдер көкшелік көрермендерге тың ой салып, бір серпілтеді деп ойлаймын,-деді ол.

Жиында театр майталманы ҚР халық әртісі Жібек Бағысова тетрдың көп жылдық жетістіктеріне тоқтала келіп, Көкше көрермендеріне қойылымдарын арқалай келген фестиваль қатысушыларына сәттілік тіледі.

Одан соң Мәдениет қайраткерлері Қайрат Мырзаболатов және Жанар Құсайынова  сынды театр әртістері өнер ордасындағы қызығы мен қиындығы қатар өткен естеліктерімен бөлісті.

Баспасөз жиынынан соң, театр алдында фестиваль қатысушыларын қызыл кілеммен қарсы алу шарасы өткізілді.

Онда Ақмола облысы әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін Ақмола өңірінде киелі Көкшетау жерінде үлкен той. Себебі биыл ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл және облыс руханиятының қара шаңырағы саналатын Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма театрға 25 жыл толып отыр. Бұл театр ширек ғасыр ішінде түрлі белестерді бағындырып қана қоймай, еліміздің мәдениетінің дамуы жолында аянбай тер төгіп келе жатқан бірегей өнер ордаларының біріне айналды», – деді Айна Мысырәлімова.

Айта кетсек, ең алғаш 1996 жылы жазушы – драматург Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері Ақтоқты» драмасымен шымылдығын ашқан театр жыл санап қанатын кеңге жайып дамып келеді.

Театр – бүгінге дейін әлем және қазақ классиктерінің 200-ге жуық қойылымын көрермен назарына ұсынып үлгерді.

Олардың ішіндегі классикалық қойылымдардан У.Шекспир «Король Лир», Ш.Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн», С.Жүнісов «Абылай», А.Камю «Калигула», драмалық қойылымдардан Ә.Оразбеков «Бір түп алма ағашы», О.Бөкей «Атау кере», комедиялық қойылымдардан О.Бодықов «Үйленгім келмейді», С.Ахмад «Келіндер көтерілісі», Б.Әлімжанов «Құдалық» спектакльдерін атап өтуге болады.

Фестивальдің ашылуына орай, Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық – драма теарында байқаудан тыс «P.S.Мен сені сағындым» қойылымы сахналанды.

Фестивальге қатысушы театрлар үш күн бойы ақмолалық көрермендерді өз өнерлерімен сусындатпақ.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекеттік тілді дамытуға сіңірген еңбегі үшін ақмолалық жас мұғалім «Шапағат» медалін иеленді

«Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мектебімізде Назерке деген оқуда озат, әрі белсенді, әрі көшбасшы оқушы болатын. Сол қызға қатты ұқсағым...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img