spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
11.2 C
Kokshetau

Ақмолада колонияда сотталушы бау-бақша өсіреді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында түзету колонияларының бірі ЕЦ-166/18 мекемесінде сотталғандар көп жылдардан бері бақша өсіріп келеді. Тіпті, олардың бақшаларында құлпынай көшеттері де күтіп-бапталады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған Александр өз жасағындағы терезе жақтауына көктемде үйінен беріп жіберген қарбыздың тұқымын егіпті.

«Қарбызды қатты жақсы көремін. Кішкентай болса да өсе берсін деп ойладым. Мұнда бау-бақшамен айналысуға уақыт жетерлік. Колония басшылығы да еш қарсылық білдірмеді», – дейді Александр.

Тұқым өскен соң оны ыдысқа отырғызып, ал көтеріле бастағанда топыраққа отырғызған.

«Биылғы жаз бау-бақша үшін аса қолайлы болды. Бұл өсімдік ыстықты жақсы көреді. Сондықтан да оңтүстік жақта өсіріледі. Қарбыздар пайда болып, апельсиннің мөлшеріндей өскенде осылай ғана болатын шығар деп ойладым. Бірақ қарбыздарым одан әрі де өсе бастады», – дейді Александр.

Солтүстікті қарбыз өсіріп шығатыныма ешкім сенбеді. Бірақ қарбыздар кәдімгідей үлкейіп өсіп шыққан. Қазір Александр өзінің жасақтағы жолдастарына қарбыздан дәм татқызуда. Қарбыздар биыл көп болмағанымен 6-7 килограммға дейін болғанына көпшілік таңқалған.

«Қарбыз терапиясы маған өте көп көмектесті. Бақшамен айналысып жүріп өмірдің босқа өткен жылдарын, жасаған күнәлерім туралы мазалаған ойлардан арыла бастағандай болдым. Мен жасаған қылмысым үшін өте қатты өкінемін. Бірақ өткен қайтып оралмайтынын да түсінемін», – дейді сотталушы.

Солтүстікке бейімделген қарбыз тұқымын сотталушы келер жылға да сақтап қойды. Ал пісіп келе жатқан бақшадағы шағын өнімдерін балаларға беруді ұсынды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img