spot_img
Бейсенбі, Мамыр 2, 2024
9.2 C
Kokshetau

Көкшетаулықтар 2022 жылдың соңында ғана таза суға қол жеткізбек

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда ауыз су сапасы тек 2022 жылдың соңына қарай жақсарады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім болды, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Облыс орталығындағы ауыз судың сапасының төмендігі көптен бері тұрғындарды алаңдатып келеді. Халық краннан аққан суды ішуге мүлдем пайдалана алмайды. Өйткені, қаладағы су жүйелері құбырларының жартысына жуығы 50-60 жыл өтіп әбден тозған. Дегенмен көкшетаулықтар келер жылдың соңына қарай таза суға қолжеткізуі мүмкін. Қалада суды тазарту қондырғысын жаңарту құрылысы қазір жүргізіліп жатыр. Бұл туралы журналистерге «Көкшетау Су Арнасы» коммуналдық кәсіпорнының директоры мәлім етті.

«Қазіргі уақытта «Каспи констракшн» компаниясымен келісімшарт жасалып, су қорын тазарту қондырғысының құрылысы жүріп жатыр. Аталған мақсатқа 3 млрд 300 миллион  теңге қаражат қарастырылған. Бұйырса 2022 жылдың соңында қала халқы сапалы әрі таза суды пайдалана алуы тиіс», – деді Ермек Өмірғалиев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Марат Ахметжанов: «ЕЛ БІРЛІГІ- ТАСҚЫНДЫ ЖЕҢДІ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Халқымыз өте ауыр сынаққа тап болды. Қазақстан...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img