spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

«Дәрігерлер кінәлі емес!»: Аршалыда болған науқастың өлімі бойынша қызметтік тексеріс қорытындысы жарияланды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Аршалы ауданында ауруханадан шығарылған 60 жастан асқан әйелдің із-түзсіз жоғалып кетіп вокзал маңындағы талдардың арасынан табылғанын жариялағанбыз. Дәл сол күні арнайы ведомствоаралық тәртіптік комиссия құрылып, шұғыл түрде қызметтік тексеріс басталған. Дәрігерлер тексеріс қорытындысын мәлім етті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының деректері бойынша 60 жастағы науқас Аршалы аудандық ауруханасына Шортанды аудандық ауруханасының 2021 жылдың 21 тамызындағы жолдамасымен түскен.  Әйел жүрегі айнып, басы ауырғанын, тынысы тарылып, әлсіздік басып, құрғақ жөтел қысып кеуде тұсын жайсыз сезінгеніне шағымданған. Ал келесі күні кешкі 19.41 шамасында жағдайының ауырлығына байланысты интенсивті терапияға түссе, ал 26 тамыз күні жалпы палатаға ауыстырылған.

            «6 қыркүйек күні күндізгі 13.15-те емделушіге ауруханадан шығарылатыны хабарланған, ал науқас бөлімнен баласы келгенде шығатынын айтқан. Шамамен 14.15-те емделуші мейірбикеге барып, ұлы келгенін бөлімнен шығатынын айтқан. Одан әрі мейірбике оның шығуына көмектесіп шығарып салған», – дейді денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.

Ал арада екі сағат өткенде күндізгі 16.00-де келген әйелдің ұлына анасының ауруханадан шығарылғаны айтылған.

Тексеріс жүргізген комиссия кешкі 17.00-де іздеу шараларына медициналық қызметкерлер де қосылғанын жеткізді. Медицина қызметкерлері такси жүргізушілерінен сұрап, аурухана маңындағы барлық сауда орындарына барып, жоғалған науқастың суретін көрсеткен. Дәрігерлер алдағы екі күнде де Ұлттық гвардияның №6505 әскери бөлім сарбаздарымен бірге түнгі 01-00ге дейін жақын маңдағы иесіз ғимараттарды, өзен бойларын сүзіп шыққан. Жалпы екі күнде іздеу шараларына 60-тан адам адам қатысқан.

Жедел іздестіру шараларын жүргізген полиция қызметкерлері Аршалы  кентіндегі барлық бейнебақылау камераларының жазбаларын қарап, «Аршалы-Нұр-Сұлтан» бағытындағы такси жүргізушілерінен сұрастырған. Адамдар көп жиналатын жерлерге жоғалған адамның суреті басылған бағдарлар ілініп, Ақбұлақ ауылы, Аршалы станциясы, Ижевское селоларын түгел қарап шыққан. Ақыры іздеушілер вокзал маңындағы талдардың арасынан қайтыс болған әйелдің денесін іздеп тапқан.

Дәл сол күні шұғыл түрде Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасымен басқарма басшысының жетекшілігімен комиссия құрылып, оған медициналық және фармацевтикалық бақылау комиететі департаменті басшысының орынбасары, заңгерлік қызмет өкілдері кірген. 10 қыркүйек күні басқарма басшысы Нариман Сыздықов Аршалы ауданындағы инфекциялық стационарға барып тексеріс жүргізген.

            «Стационардың материалдық-техникалық жай-күйі қанағаттанарлық. Инфекциялық стационардың бірінші қабатында бейнебақылау камерасы орналасқан. Бұдан бөлек басқарма басшысы барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мекеме ұжымымен этика және деонтологияны сақтау мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Сонымен бірге қызметтік тексеріс объективті және жан-жақты болуы үшін басқарма басшысының 10 қыркүйектегі бұйрығымен бас дәрігер Альбина Анюхина лауазымынан уақытша шеттетілді. Әрекет істей алатын пациентті сенімді адамдарға тапсыру туралы мәселесі заңнамамен көрсетілмеген. Тиісінше Аршалы аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлерімен қолданыстағы заңнама нормалары бұзылмаған», – делінген ведомствоның хабарламасында.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img