spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
6.8 C
Kokshetau

Қазақстанда декларация тапсырмаған тұлғалар айыппұл төлейді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінің құжатын электронды түрде ұсыну мерзімі 2021 жылғы 15 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды «Aqmola News» Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 2021 жылғы 15 шілдеде аяқталды. Елімізде 2021 жылғы 1 қаңтарда жалпыға бірдей декларация енгізудің бірінші кезеңі басталды. Жалпыға бірдей декларация 4 кезеңге бөлінді.

«Бірінші кезеңде активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары); «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңдарға сәйкес декларация табыс ету міндеті жүктелген тұлғаларда туындады», – деп нақтылады мемлекеттік кірістер комитеті.

Айта кетейік, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz), «Электронды үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ e-Salyq Azamat  және eGov mobile мобильді қосымшалары арқылы тапсыруға болады.

«Активтерді декларациялауға қатысты сұрақ туындаған жағдайда мемлекеттік кірістер органдарына немесе 1414 нөмірі бойынша, қосымша 3 нөмірін тере отырып, байланыс орталығына хабарласуға болады», – деп жазылды мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында.

Біле жүріңіз, активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны белгіленген мерзімде ұсынбаған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

«Бірінші ескерту жасалады. Бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияда толық емес, анық емес мәлімет ұсынғандарға да әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бұзушылық бірінші рет жасалып, салықтың  есептелуіне әкеліп соқпаса, онда ескерту жасалады. Осындай бұзушылық ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса,  онда 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады», – деп түсіндірді мемлекеттік кірістер комитеті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Бұландылық оқушы ядролық реактордың моделін әзірледі

Бұланды ауданының үш оқушысы Бішкек қаласында өткен «Біз – ХХІ ғасыр интеллектуалдарымыз» халықаралық байқауында ел намысын қорғап, жақсы нәтижемен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img