spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
14.3 C
Kokshetau

Полиция департаментінің бастығы жас отбасыларды құттықтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Отбасы күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан Республикасында Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Арманбек Хакімбекұлы Баймурзин қызметтік міндеттерді орындау кезінде ерекшеленген полиция қызметкерлерінің ата-аналарымен және полицейлердің жас отбасыларымен кездесті, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара карантиндік шараларды сақтай отырып өтті.
Бас ақмолалық полицей өзінің кіріспе сөзінде «әрбір адамның өмірінде ата-аналар үлкен рөл атқарады. Балалардың жетістіктері-оларды лайықты және дұрыс тәрбиелеген ата-аналардың еңбегі» – деп атап өтті.
Полиция ведомствосының басшысы құрметті қонақтарға алғыс хаттар табыс етті. Монитор экранында полицейлердің ата-аналарына балаларының ерлік істері мен жақсы жұмысы туралы бейнесюжеттер көрсетілді. Мәселен, полиция капитаны Оспанов Аян бөтеннің пәтерін тонамақ болған қаскүнемді қолға түсірді. Ол көзіне бұрыш спрейін шашқанына қарамастан қарақшыға қарсы тұра алды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін полиция аға лейтенанты Бауыржан Өмірзақов әріптестерімен бірге жанып жатқан дәмханадан газ баллонын алып шықты. Полиция мен Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлерінің шебер және үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер жоқ. Учаскелік инспектор полиция лейтенанты Данияр Советовтың адал қызметі туралы жергілікті тұрғындар жылы лебіздерін білдіруде.
Іс-шараға Полиция департаменті қызметкерлерінің Балтабековтер отбасы, Қуат және Жұмабековтердың үш жас отбасы қатысты: .

«Отбасы – бұл ең үлкен бақыт. Бұл жаңа өмірдің бастауы, ұрпақ жалғасы және дәстүрлерді құрметтеу», – деп атап өтті Департамент бастығы А.Х. Баймурзин. «Біздің қабырғаларымызда қоғамның алтын діңгегі – жаңа отбасылар пайда болып, құрылғаны қуантады. Сіздерге зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін», – деді департамент басшысы.
Кездесу соңында іс-шара қонақтары полиция департаментінің мұражайына барып, полиция ведомствосының тарихымен танысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img