spot_img
Бейсенбі, Мамыр 9, 2024
16.4 C
Kokshetau

Ақмола облысында «игі істер марафоны» жалғасуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтіп жатқан «игі істер марафоны» жалғасуда, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Жалпыұлттық жоба барлық ақмолалықтарды біріктірді-әр өңірде аз қамтылған, көпбалалы отбасыларды, ерекше қажеттілігі бар адамдарды, қиын өмірлік жағдайдағы балаларды, жалғыз басты қарттарды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциялары өтуде.

«30 игі істер марафоны» эстафетасын Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері де қолдады.

Олар Сандықтау ауылындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған жетімдер үйіне барып, балаларға ертегілер жинақтарынан бастап Қазақстан туралы энциклопедиялар мен альбомдарға дейінгі түрлі жастағы балаларға сыйлықтар мен заманауи кітаптар үлестірді.

Сонымен бірге, мемлекеттік кірістер саласының қызметкерлері балалар үйінің тәрбиешілеріне, ата-анасының жылуынан айырылған тәрбиеленушілерге деген мейірімді және жылы қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді. Балалар үйінде балалардың тұруы, оқуы және тәрбиеленуі, қызығушылықтары бойынша түрлі секциялар мен үйірмелерге қатысуы үшін барлық тұрмыстық жағдайлар жасалған. Кішкентай балалар сыйлықтарға қуанып қалды. Алғыс ретінде өз өнерлерін ортаға салды.

«Балалар өте риза болды. Балаларға көңіл бөлу оларды сенім мен мейірімділікке тәрбиелейді. Біздің тәрбиеленушілеріміз үшін осындай мереке сыйлаған Мемлекеттік кірістер департаментіне алғысымыз шексіз», – деп бөлісті балалар үйінің басшылығы.

Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде қайырымдылық көмекпен 11 мыңнан астам адам қамтылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалықтар отан қорғаушыларына алғыс білдіруде

Отан қорғаушылар күні қарсаңында біздің жүрегіміз мақтаныш пен Еліміз үшін күрескендер үшін алғысқа толы! ҚХП Ақмола облыстық филиалы төрағасының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img