spot_img
Сейсенбі, Мамыр 14, 2024
16.2 C
Kokshetau

Президент Әлібек Дінішевке мемлекеттік награданы табыстады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы мәдениет майталманын мерейтойымен құттықтап, өнерге сіңірген еңбегін жоғары бағалады. Әлібек Дінішевтің жарты ғасырға жуық атқарған қызметіне ризашылығын білдірді.

«Қазақтың маңдайына біткен ең дарынды тұлғаларымыздың бірісіз. Бәріміз сізді мақтан тұтамыз. Қазақстанда да, шет мемлекеттерде де өзіңізді білмейтін адам жоқ. Әлемдік деңгейде сіздің өнеріңізді бәрі жоғары бағалайды. Педагог ретінде де, қоғамдық жұмыстарда да белсендісіз. Тәуелсіз еліміздің дамуына сіңірген еңбегіңіз орасан. Осы қызметіңізді ескере отырып, Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегіңіз үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылданды. Мен оны лайықты шешім деп есептеймін», – деді Қазақстан Президенті.

Әлібек Дінішев Мемлекет басшысына еңбегін бағалап, құрмет көрсеткені үшін алғысын білдірді.

«Менің шығармашылығымды бағалап, көрсетіп жатқан құрметіңіз үшін алғыс айтамын. Өзіңіз айтқандай еліміздің де, шет мемлекеттердің де сахнасында өнер көрсетіп келе жатқаныма 45 жыл болған екен. 70 жас мерейтойыма жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беріп жатырсыздар. Шексіз ризашылығымды білдіремін», – деді Әлібек Дінішев.

Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдау соңында Әлібек Дінішевке денсаулық, кәсіби және қоғамдық жұмысына табыс тіледі.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Халық артисі, опера әншісі Әлібек Дінішевті «Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен марапаттау туралы жарлыққа 30 шілдеде қол қойды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Су тасқынынан зардап шеккен 27 атбасарлық отбасы баспаналы болды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Атбасар ауданына жұмыс сапарымен барып, онда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері жарамсыз деп танылған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img