spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 22, 2024
10.3 C
Kokshetau

Егіндікөлде құдыққа бұқа құлап кетті

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Егіндікөл ауылында құдыққа бұқа құлап кетті. Абырой болғанда төтенше жағдай қызметкерлері мен жергілікті атқарушы орган өкілдері дер кезінде жетіп, бұқаны құдықтан аман-сау шығарып алды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінен хабарлады.

Егіндікөл аудандық өрт сөндіру бөліміне телефон шалған адам ескі қоқыс үйілген маңдағы ашық жатқан құдыққа бұқа құлап кеткенін хабарлаған. Дереу оқиға орнына екі төтенше жағдай қызметкері мен Егіндікөл ауданы әкімдігінің бір қызметкері және «Рустам» ЖШС-нің МТЗ-80 тракторымен екі қызметкері аттанған.

         «Жедел әрекет етудің арқасында жігіттер бұқаны құдықтан аман-сау тартып шығарған. Құтқарылған бұқаның иесі Надежда Романова құтқарушыларға алғысын жаудырды. Құдыққа құлап кеткен бұқаға ешқандай зақым келмепті», – дейді Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img