spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.2 C
Kokshetau

16 тамызға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

Синоптиктер 16 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды «Aqmola News» «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жауып, жел күшейеді, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», – делінген хабарламада.

Атап айтқанда, Алматы облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға ұласады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, тұман түседі.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Атырау облысының кей жерлерінде өте қатты ыстық сақталады, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

«Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады», – делінген хабарламада.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img