spot_img
Бейсенбі, Мамыр 16, 2024
6.2 C
Kokshetau

Fitch Ratings Қазақстанның пандемияға дейінгі кредиттік рейтингін растады

Сондай-ақ...оқыңыз

Fitch Ratings халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның пандемияға дейінгі тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «Тұрақты». Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің ресми сайты хабарлады.

Fitch сарапшылары Қазақстанның тұрақты рейтингі елдің күшті фискалды позициясын, тұрақты сыртқы сауда балансын және мемлекеттік борышының төмен деңгейін көрсететінін атап өтті.

«Бұл факторлар қатерлер алдында ел экономикасына пандемиямен және энергетикалық нарықтағы құбылмалылықпен байланысты соққыларға қарсы тұрақтылық сақтауға мүмкіндік берді», – делінген хабарламада.

Экономиканың нақты секторы және ШОБ-та іскерлік белсенділікті қолдауға арналған шығыстарды арттырудың арқасында Үкіметтің ағымдағы макроэкономикалық саясатының ынталандырушы әсері ерекше атап өтіледі.

«Сонымен қатар, кредиттік бағалаудың тұрақтылығының негізгі факторларының бірі ретінде елдің елеулі халықаралық резервтерінің болуы (бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің 47%-ы) келтіріледі, оған халықаралық қаржы активтеріне салынған инвестициялардан елеулі қайтарымы және алтын бағасының өсуі арқылы қолдау жасалды», – делінген хабарламада.

Агенттік сонымен қатар Қазақстанның тұрақты рейтингіне оң әсер еткен бірқатар басқа факторларды атап көрсетеді, оның ішінде икемді айырбас бағамы, жоғары капиталдандыру және ЕДБ жұмыс істемейтін кредиттерінің үлесінің төмендігі бар.

Fitch ағымдағы жылы Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің 2022 жылы 4%-ға дейін үдеумен 3,5% деңгейінде өсуін болжайды.

Бұған дейін, 2021 жылы 11 тамызда Moody’s кредиттік агенттігі Қазақстанның рейтингін «Тұрақты» болжамымен Baa2 деңгейіне дейін көтерді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img