spot_img
Жұма, Қараша 27, 2026
0.2 C
Kokshetau

Ақкөл қаласында Абай күнінде ашық аспан астында кітапхана ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Абай күні Ақкөл қаласының орталық алаңында қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы кітаптарының көрмесі өтті, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

«Ұлы Абайдың әлемі» атты кітап экспозициясын 1990 жылы берілген Абай атындағы Ақкөл аудандық кітапхана ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, іс-шара көрнекті ақын мен философтың өмірін, шығармашылығын, бай рухани мұрасын насихаттау, жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында өткізілді.

Ашық аспан астында кітап көрмесін өткізу форматы қала тұрғындары арасында танымал болды. Көрмеде Абайдың еңбектері ғана емес, ол туралы кітаптар, сондай-ақ оның шығармаларының аудармалары да ұсынылған. Шара барысында кітапханашылар ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы әңгімеледі. Жастар Абайдың Қара сөздерінен үзінділер, «Қыс» және «Жаз»шығармаларын оқыды. Осы көрменің арқасында Ақкөл тұрғындары қазақ халқының ұлы ақыны және ағартушысының шығармашылық әлеміне енудің тағы бір керемет мүмкіндігіне ие болды», – деді іс-шараның бастамашылары.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы викторина ұйымдастырылды. Сауалнама қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.

Айта кетейік, Абай күні облыста ұлы ақынның рухани мұрасын насихаттау бойынша 200-ден астам түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілді. Олардың қатарында онлайн форматтағы челлендждер, көрмелер, байқаулар, викториналар, концерттер бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сайлауға дайындық заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіліп жатыр

Сайлау науқаны «Заң мен тәртіп» қағидаты негізінде ұйымдастырылуда. Орталық сайлау комиссиясы сайлау үдерісінің заңдылығы мен ашықтығын қамтамасыз ету үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика