spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
14.2 C
Kokshetau

Алғабаста ауыл мектебі таза ауыз сумен қамтылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Алғабас ауылының оқушылары мен ұстаздары үшін жаңа оқу жылы жағымды жаңалығымен басталмақ. Ауылда су құбыры мен кәріз жүйесі жаңадан тартылды. Су алдымен білім ордасына берілгенін ауыл тұрғындары да дән ризашылықтарын білдірген, деп хабарлайды «Aqmola News». 

Ауылдағы ағайынның жақсы жаңалығын Қорғалжын ауданы әкімдігі мәлім етті.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында елімізде түрлі әлеуметтік шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі де бірегейі Алғабас ауылының мектебіне су жүйесінің тартылуы болды. Бұл сүйінші хабарды ауыл тұрғындары көзбен көріп, көңілдеріне тоқып отыр. Ауыл мектебінің негізі 1985 жылы қаланса да, ғимаратына су тартылмаған. Ауыл халқының жанайқайын, мұғалімдердің мазасын кетірген су мәселесін шешуге жанашыр азаматтар кірісіп кеткен еді. Бас аяғы 2 миллион сома қаржы құйылған іс бүгін аяқталды. Бұл қайырлы іс асар жасаған азаматтардың арқасында оң нәтижесін берді», – дейді Қорғалжын ауданы әкімдігінен.

Аудан әкімінің орынбасары Дарын Сабырғалиұлының айтуынша бұл құрылысқа кәсіпкерлер мен меценаттар мейлінше қолдау көрсетіп, қажетті жұмыстар жүргізген.

«Кәсіпкерлер, меценаттар, Бақтияр Шахманов ,Жеңісбек Кулишев және аудан азаматтары Дархан Бейсембеков, Бауыржан Байқадамов сынды мырзалар көп көмектерін көрсетті. Сонымен қатар техникамен қамтамасыз етуде күш салған Нұра топтастырылған су құбырлары, Целиноград су арнасы мекемелеріне шексіз алғыс айтамыз», – дейді Дарын Сабырғалиұлы.
Жаңа су құбыры бастауыш мектепті сапалы ауыз сумен қамтымақ.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық оқушы республикалық олимпиада жүлдегері атанды

Алматы қаласының «Tamos Education Physics and Mathematics School» мектебінде Central Asia Biology Olympaid 2024 биология пәнінен олимпиада өтті. Көкшетаудағы...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img