spot_img
Жұма, Сәуір 19, 2024
21.2 C
Kokshetau

Тарих пен мәдениет астасқан – Самарқан

Сондай-ақ...оқыңыз

         Өзбекстандағы бар қазақ үшін жақын таныс қалалардың бірі – Самарқан. Бұл қала тарих тұнған қалалардың бірегейі екені қалаға кіре бергенде-ақ айқын сезіледі. Сонау ғасырлар қойнауының үнсіз куәгерлеріне тіл бітсе бірден сайрап кететіндей әсер қалдырады. Ең қызығы ондаған ғасырды артқа тастаса да алып ғимараттар сол күйі сақталған. Тарихи дәуірлерде соғыс өрті тұтанған тұстарда қирағаны болмаса көпшілігі сол күйі сақталып қалған… Төрткүл әлемді тұлпарының тұяғымен илеп, бағындырған атақты Әмір Темірдің де жерленген жерлерін осы жерден табасыз. Жалпы өзбектердің осы тарихи орындарды ұлықтап қана әлем туристерін өзіне қарай баурай тартқанын анық байқадық. Кез-келген нысан болсын ұлттық кескін-келбетін көрсететін тосынсыйлар мен тауарлары көздің жауын алады. 

Самарқандағы сапардан Қазақ журналистері не көрді?

«Түркітілдес журналистер қорымен» Өзбек елін сапарлаған журналистер көне қала Самарқанға ат басын бұрған. Жалпы пандемияға дейін ғана тек Самарқанның өзіне ғана 2 миллион 400 мың шамасында туристер келген. Сонымен Самарқанға бара қалсаңыз міндетті түрде бару қажет тарихи нысандарды назарларыңызға ұсындық .

ӘЛЕМДІ АУЗЫНА ҚАРАТҚАН АТАҚТЫ ӘМІР ТЕМІРДІҢ ЖЕРЛЕНГЕН ЖЕРІ

Самарқан тарихқа тұнған қала екен. Жарты әлемді жаулап, дүниенің төрт бүрышын есімінің өзі тітіреткен әйгілі Әмір Темір осында жерленген. Көзі тірісінде әлемнің ең мықты сәулетшілеріне мешіттер мен медреселер тұрғызыпты. Өзі мен отбасы, ұстазы мен ізбасарлары жерленген. Сондай ақ сүйікті жары Бибі ханымның да мавзолейі салынған. 600-ден астам жылдар бойы бұзылмай сақталған тарихи ғимараттардың әрбір кірпішіне дейін тарих тұңғиығынан сыр шертеді. Бізді қарсы алып алып жүрген гидіміз Анора толықтай түсіндіріп берді. Кірген беттен мұндай қасиетті жердің бойымызға берген рух пен ерекше сезімді айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда Әмір Темір мен оның ұстазы, отбасы және жақын туыстары жерленген. Арнайы кіріп құран бағыштап, зиярат еттік.

 

 

 

 

БИБІ ХАНЫМ МАВЗОЛЕЙІ

Әмір Темірдің жары Бибі ханым аса қасиетті әрі қадірлі адам болған. Тарихи деректерде Әмір Темірдің жарына аса құрметпен қарағаны айтылады. Әлемді түгелге жуық бағындырған Түрік Осман еліне барып алғаш рет жеңіске жетеді. Ал жеткенше Бибі ханым кесенені жылдам бітіруге тырысып, әлемнің мықты сәулетшілерін жинап толық аяқтаған. Кәзіргі уақытта жоғары жағы мүжіліп жарылып кеткен. Қауіпті деп кіруге болмайтынын айтты дегенмен Аллаға тапсырып ішке кіріп зиярат еттік. Кесененің кіре беріс дарбазасына дейін алтынмен қатар жеті түрлі қымбат металдардан жасалыпты. 14-15 ғасырлардан сыр шерткен ғимараттың қазіргі күйі апаттық жағдайда екен. Жөндеу жұмыстары жүргілгенімен еш нәтижесін бермепті. Алда сақтау жұмыстары қолға алынбақ.

 

 

 

Самарқандағы жібек қағазы қалай жасалады?

ХХІ ғасыр болса да барлығы қолмен жасалатын шеберхананы да көзімізбен көрдік. Алдымен 8 ғасырдан бастап жібек қағаз шығаратын шеберхана мен музейге ат басын бұрдық. Бұл ең ежелгі технология еш өзгеріссіз қалған әлемдегі жалғыз шеберхана. Қағаздың басты ерекшелігі сол 3 мың жылға дейін сақталады. Ал жауын тисе де кепкен соң бұзылмайды. Жібек қағаздан құран кітаптарының парақтары, тосынсыйлар, сөмкелер тіпті әмиянға дейін істеледі. Бұдан бөлек музей басшысының айтуынша зығыр, жаңғақ дәнінен жасалатын май, дәмі тіл үйіретін нан, ұн дайындайтын орындар бар. Ерекше жерде барлық заттар ежелгі тарихи әдіспен жасалады. Ал жасау әдістері құпия сақталып келген.

 

ӨЗБЕК ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРИЗМ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАРЛЫҒАШТАРЫН ҰШЫРУ СӘТІ

Самарқандағы туризмнің дамуына тың жол ашқан үлкен қадамның бірі жаңадан ашылған халықаралық алғашқы туризм университеті. 2018 жылы Өзбекстанда тұңғыш рет ашылған. Самарқан мақтанышы “Silk way” International university of tourism магистранттарына диплом тапсыру кешіне қатыстық. Университет ректоры, Өзбекстан вице-министрі, Өзбекстан Туризм және спорт министрі Азиз Абдухакимов мырза университет туралы біршамамәлімет берді. Соңғы заманауи талаптарға жауап беретін ғимарат шетелден 85 студентке грант бөлген. Министр болашақта қазақ студенттерін оқуға шақырды.

 

АСПАН ӘЛЕМІН ТҮГЕЛ ЗЕРТТЕГЕН ҰЛЫҚБЕК ОБСЕРВАТОРИЯСЫ

Сонау ғасырларда ақ аспан әлемін түгел зерттеп, уақытты дәлме-дәл алғаш есептеп шығарған Ұлықбек обсерваториясына да аралап көрдік. Бүгінде тек жер астындағы бөлігі ғана аман қалыпты. Жер 45 градус бұрышпен қазылып, сатылай төмен түскен. Күн саңылаулардан түсіп, сол арқылы уақыт мөлшері анықталған. Жоғары бөлігінен аспан денелерін зерттеген. Өкінішке орай жоғарғы бөлігі сақталмаған. Жанына музей түрінде Ұлықбектің қолтаңбасы қалған жазбалар, уақыт есептері, ғылыми зерттеулері мен обсерватория сызбалары орналасқан.

Тарих қатпарларының талай құпиясын бүккен Самарқанда бұдан да өзге таңқалаларлық орындар бар. Тек ерінбей көріп көңілге түю қажет.

 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Өзбекстан, Самарқан

 

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Тіл – ұлттың жаны» , – Біржан Қайыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Көкшетау қаласының 1 мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мұғалімі Біржан Қайыр. Ол Ақмола облысы Біржан Сал...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img