29 шілде күні Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті Көкшетау қаласының «Набережная» аумағында «Қауіпсіз аула» акциясын өткізді, деп хабарлайды «Aqmola News» ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Акция аясында тұрғындарға, сондай-ақ демалушыларға тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері, судағы қауіпсіздік және балалардың көп қабатты тұрғын үйлердің терезелерінен құлап кетуіне жол бермеу шаралары түсіндірілген.
«Іс-шара барысында демалушыларға өрт техникасы, өрт-техникалық қару-жарақ, сүңгуір-атқыш жабдықтар және кинологтың Аксель атты бельгиялық итпен жұмысы көрсетілді. Бұл акция ересектерді де, ерте жастағы балаларды да әртүрлі төтенше жағдайларда мінез-құлық дағдыларын үйрету мақсатында өткізіліп отыр. Аталған шара тек біздің облыста өтіп жатыр», – деп атап өтті облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Акция облыстың барлық өңірлерінде жалғасын таппақ.