spot_img
Бейсенбі, Сәуір 25, 2024
3.2 C
Kokshetau

Ualikhanov University үздік бестікте

Сондай-ақ...оқыңыз
Педагогикалық мамандықтар түлектерінің ұлттық біліктілік тестілеу нәтижелері бойынша Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің түлектері үздік нәтижелер көрсетті. Университет Білім және ғылым министрлігінің рейтингісі бойынша үздік бестікке жайғасты. Бұл туралы университет ректоры Марат Сырлыбаев мәлім етті. деп хабарлайды «Aqmola News».
«2021 жылдың шілде айында педагогикалық бағыттың түлектері бүкіл Қазақстан бойынша ұлттық біліктілік тестінен (НКТ) өтті, оған педагогтарды даярлауды жүзеге асыратын 67 ЖОО – дан 28 мыңнан астам түлек-педагог қатысты. ҚР БҒМ рейтингісінің қорытындысы бойынша Ualikhanov University төртінші орынды иеленді», – дейді Марат Сырлыбаев.
Жоғары оқу орны алдағы болашақта жаңа форматтағы педагогтарды даярлауды мақсат етіп отыр.
«2021 жылғы барлық түлектерді, университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын, сондай-ақ жоғары білікті мамандарды бірлесіп даярлауды жүзеге асырған біздің аймақтың барлық жұмыс берушілері мен педагогикалық қауымдастығын құттықтаймын. Педагогикалық бағыттағы жаңа білім беру бағдарламаларын бірлесе дайындау негізінде біз бүгінгі қоғам талаптарына жауап беретін жаңа форматтағы педагогты даярлауды мақсат етіп отырмыз», – деп толықтырды университет ректоры.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Достар» мәдениет сарайы өнерпаздарының жазғы концерттерінің маусымы ашылды

Қолайлы ауа райында қалалық саябақтың кіреберісіндегі балюстрада қаланың концерт алаңына айналады. Жазда көкшетаулықтар таза ауамен тыныстап, аптап ыстықтан салқындау үшін...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img