spot_img
Жексенбі, Мамыр 19, 2024
10.2 C
Kokshetau

Ақмолада «көкек ана» бір жарым айлық шақалақты миллион теңгеге сатып жіберген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмолалық әйел бір жарым айлық қызын миллион теңгеге баласыз отбасына сатып жіберген. Полицияға хабарланған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Оқиға 23 шілде күні болған. Ақмола облысының криминалды полиция басқармасының қызметкерлері баланы сату және сатып алу фактісін анықтаған. Заңсыз ымыра туралы жедел ақпарат түскен полиция қызметкерлері бір жарым айлық шақалақ нәрестені сатып алған баласыз жұбайларды іздеп тапқан.

            «Анықталғанындай келісім Ақмола облысының аумағында жұбайлар мен балалардың анасының арасында жасалған. Ал бала сатқан әйел осыған дейін ұрлық және алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болып шықты. Тергеу барысында «көкек ананың» бір жарым айға толмаған шақалақ қызды 1 миллион теңгеге сатып жібергені анықталды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазір аталған факт бойынша полиция қызметкерлері туғаннан үш жасқа дейінгі балаларға арналған өңір мекемелерінің бірінің қызметкерлерін қылмыс жасауға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Қылмыстық іс бойынша қылмыстық кодекстің 135 бабының 2 тармағы «Адам саудасы» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Қылмыстық бап санкциясына сәйкес бала сатқаны үшін дүние мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан тоғыз жылға дейін жаза кесілуі мүмкін. Әйелге міндетті түрде келу жөнінде процесуалды шешім қабылданған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img