spot_img
Сейсенбі, Мамыр 7, 2024
15.2 C
Kokshetau

Қарағандылық 100 домбырашы музыкалық челленджді қолдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды әмбебап ғылыми кітапханасы Instagram-да тікелей эфирде «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджінің қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқау 28 маусым мен 3 шілде аралығында өтті және Ұлттық домбыра күніне арналды. 100-ден астам домбырашы челленджді қабылдап, күй, терме, жыр және басқа да музыкалық шығармаларды өз аспаптарында орындады. Қарқаралы, Нұра, Бұқар жырау, Шет, Ұлытау аудандарынан, Балқаш және Қарағанды қалалары мен Топар ауылынан домбыра шеберлері қатысты. Қатысушылардың ең кішісі 8 жаста, ал үлкені 65-те. Челленджді танымал күйшілер мен дәстүрлі әншілер қолдады.

Атап айтқанда, ҚР Күйшілер одағы филиалының жетекшісі Мадияр Сүлейменов, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің музыканттары Медет Осатаев пен Дәуренбек Аркенов бейнежазба түсірді. Нәтижесінде қазылар алқасы 70 үздік орындаушыны таңдап алды. Осы айда олардың барлығы кітапхананың әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланады.

Еске сала кетейік, Домбыра күні Қазақстанда 2018 жылдан бастап шілденің бірінші жексенбісінде аталып өтеді.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмолалық мектеп бітірушілер «Түлектердің ағаш отырғызуы» республикалық челенджіне қатысты

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатында бүгін «Түлектердің ағаш отырғызуы» челленджі  болып өтті. Бүкіл ел бойынша ұйымдастырылған іс-шара...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img