spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
9.2 C
Kokshetau

Зеренді ауданында 36 отбасы жаңа баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында және Нұр-Сұлтан қаласының күні қарсаңында Ақмола облысының Зеренді ауданында 36 отбасы жаңа пәтерлі болды, деп хабарлайды облыстық ішкі саясат басқармасы.

Аудан әкімдігінің мәліметінше, баспаналы болғандардың дені халықтың әлеуметтік осал топтары. Жаңа пәтерлердің кілттерін аймақ басшысы Ермек Маржықпаев тапсырып, қуаныш иелерін құттықтады.

«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында сіздермен бірге осы тамаша оқиғаның қуанышын бөліскеніме қуаныштымын – біздің тұрғындар көптен күткен жаңа 36 пәтерлі тұрғын үйдің кілттерін табыстап отырмын. Сіздерді қоныс тойымен құттықтаймын!»,- деді облыс әкімі Ермек

Маржықпаев. Айта кетсек, Зеренді ауданында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін Зеренді ауылында тағы бір 45 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда, жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының құны 289 миллион теңгені құрайды.

Сонымен бірге, Заречное ауылында Шағалалы өзені арқылы өтетін көпір салынып, пайдалануға берілді. Енді жалпы 930-дан астам тұрғыны бар Заречный және Елікті ауылдарының тұрғындары осы көпір арқылы қатынайтын болады.

«Көлік инфрақұрылымы бизнесті дамытудың маңызды факторы екені белгілі. Елді мекендердің өзара қарым – қатынасы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің логистикасын жолға қоюға көмектеседі, өйткені жайылымдық және жем-шөп дайындайтын жерлердің негізгі бөлігі Шағалалы өзенінің сыртында орналасқан», – деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы.

Үш жолақты көпірдің ұзындығы 75 метрді құрайды. Бір жағында жаяу жүргіншілерге арналған жол бар. Жобаның құны 368 миллион теңгеден асады, құрылыс жұмыстарын «Бука» ЖШС жүргізген.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img