spot_img
Сенбі, Маусым 3, 2023
21.3 C
Kokshetau

Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салғаны үшін тиісті тұлға жауап береді – Әкімшілік кодекс

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексі күшіне енді. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.

«Кодекс мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастардың парадигмасын түбегейлі өзгертеді. Азаматтардың құқығы мен бизнесті қорғаудың жаңа механизмдері енгізіледі. Әкімшілік органдардың үстінен жазылатын талап арыздар енді «әкімшілік органдардың кінәлі-кінәлі еместігін айқындау» қағидаты негізінде қарастырылады. Бұл ретте арыз беруші емес, әкімшілік орган өз шешімінің дұрыстығын сот алдында дәлелдеуге тиіс. Сырғытпа жауаптар мен әуре-сарсаңға салу әрекеттері үшін әкімшілік органдар ғана емес, шешім қабылдаған тұлғалар да жауап беретін болады», – деп жазды Б. Уәли.

Оның айтуынша бұл құжат «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асырудың маңызды құралына айналады.

Еске салсақ, бұған дейін ҚазАқпарат Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің негізгі нормалары туралы хабарлаған болатын.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Шортанды ауданында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні аталып өтті

Бұл іс шараға сенатолар кеңесінің мүшесі, қоғам қайраткеті, драматург Жабал Ерғалиев қатысты. Жазушының пікірінше, кешегі сталиндік жүйенің зұлымдық саясатының...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img