spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
8.7 C
Kokshetau

БАҚ қызметкерлерінің мерейі өскен күн болды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қаламын қару етіп, ақпарат майданында тер төгіп еңбек еткен жаңалықтың жаршыларының төл мерекесі – 28 маусымда өңірдің бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне облыс әкімдігінде және қала әкімдігінде өткен салтанатты шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Шара барысында журналистерді өңір басшысы Ермек Маржықпаев құттықтап, ақ жарма тілектерін білдіріп, «Алтын қалам» облыстық байқауының жүлдегерлері мен салада майталман атанған тілшілерге марапаттар табыс етті.

«Сіздер елдегі барлық өзекті ақпараттар мен жаңалықтарды қалт жібермей, халыққа жеткізіп, ел игілігі үшін қызмет етіп келесіздер. Мемлекет басшысы айтқан «Еститін мемлекет» жобасын жүзеге асырушы да өздеріңізсіздер. Мемлекеттің дамып қалыптасуы, елдің озық елдердің қатарына енуі де сіздермен тікелей байланысты. Еңбектеріңіз жемісті, қаламдарыңыз қарымды бола берсін. Бүгінгі мейрамда Сіздерді шын жүректен құттықтаймын», – деді облыс әкімі Ермек Маржықпаев.

Дәстүрлі түрде Ақмола өңірінде ұйымдастырылатын облыстық «Алтын қалам» байқауында «Aqmola News»ақпарат агенттігі «Әлеуметтік желідегі үздік ақпараттық паблик» номинациясына ие болып, ұжымға 200 мың теңгелік сертификат табысталды.

Сондай-ақ, «Достар» мәдениет сарайында да қала әкімінің орынбасары Уақыт Бейсембаев ақпарат саласының өкілдері мен блогерлерге ақпаратты сапалы және жылдам халыққа жеткізіп жүрген журналистерді мерекемен құттықтап, алғыс хаттар мен сыйлықтарын тарту етті.

Марапаттау шаралары концерттік бағдарламаларға ұласты.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img