spot_img
Сенбі, Мамыр 4, 2024
16.2 C
Kokshetau

«Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында «Мәңгілік үзілмес ұрпақтар жалғасы» атты аудандық патриоттар форумы өтті. Форум аясында  аудан әкімі Әсен Жақсылықов «Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарына түрлі марапаттар тапсырды,-деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі. 

«Рухани жаңғыру» соның ішінде «Туған жер» бағдарламасы аясында тұлға ретінде кіндік қаны тамып, өскен жерге еңбегін сіңірген Зеренді ауданының бірқатар азаматтары «Зеренді ауданының 30 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.

Жеңімпаздардың ішінде меценат, волонтер, ақын-жазушы, айтыскер, еңбек мамандары мен БАҚ пен медицина саласының мамандары да бар. Сонымен қатар қоғамдық қордың жетекшілері мен патронаттық отбасылар да жоба жеңімпаздары атанды.

Бүгінгі патриоттар форумында аймақ үздіктері аудан әкімі Әсен Жақсылықовтың атаулы сыйлықтарымен марапатталды. Түрлі сала қызметкерлері туған елдің үздік патриоты ретінде өз пікірлерімен бөлісіп, Отан алдындағы жауапкершіліктерін сезінетіндіктерін қуанышпен жеткізді.
Егемен елдің еңсесін биіктететіп, тұғырын тірейтін осындай азаматтар қатары ұлғая берсін деп тілейміз!-дейді Зеренді ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысы Целиноград ауданының тұрғындары электр энергиясының алыуында үнемдейді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті елорда маңындағы Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img