spot_img
Бейсенбі, Желтоқсан 5, 2024
-8.7 C
Kokshetau

Аида Балаева: БАҚ – ұлт қауіпсіздігінің өзегі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай өткен салтанатты жиында сала өкілдеріне қажырлы еңбегі үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Салтанатты шараны ашқан Аида Балаева БАҚ-тың мемлекет дамуындағы рөліне қысқаша тоқталды. «Бұқаралық ақпарат құралдары тек қана ақпаратты жеткізетін құрал емес, ең бастысы идеологиямыздың, ұлттық қауіпсіздігіміздің өзегі. Елге қызмет етуде күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүрсіздер», – деп бастады министр.

Ведомство басшысы журналистер дайындаған кәсіби материалдардың арқасында адамдардың өмірі құтқарылған жайттар да болғанын еске алды.

«Халыққа қызмет – кәсіби ақпаратты дер кезінде жеткізу, мемлекеттік саясатты жеткізу. Мемлекеттік саясаттың негізінде халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын сапалы ету жатыр. Сол тұрғыда барлық мемлекеттік бағдарламалар бастамалардың бәрі халыққа жету мәселелері өзекті. Сонымен қатар күнделікті халықтың көкейтесті мәселелерін шешуде аянбай қызмет етіп келе жатырсыздар. Сіздердің материалдарыңыз арқылы тек қана қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерумен қатар әр жеке адамның да өмірін өзгертіп, иә болмаса, өмірін құтқарып жатқан жайттар бар. Сондықтан бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын.Әрқайсыңыздың арттарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіздер арқылы сол ұжымдарыңызды құттықтаймын», – деген Аида Балаева бірнеше БАҚ өкілі мен басшыларына наградалар табыстады.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаланың ірі өнеркәсіп орындары бос жұмыс орындарын ұсынуда

Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар-ресурстық орталығы» МКМ Көкшетау қ, солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 7-жол, 6-үй «ENKI» ЖШС және «ENKI...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img