spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Алматы фонтанында тоқ соғу оқиғасы: 28 жастағы науқастың жағдайы ауыр

Сондай-ақ...оқыңыз

Алматы циркінің жанындағы субұрқақта тоқ соққан үш адамның біреуінің жағдайы әлі де өте ауыр. Бұл туралы Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқастың жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Жасанды тыныс алу аппаратынан алынды. Қазір өзі демалып жатыр. 8 және 10 жасар қыздар аурухананың бейінді бөлімінде жатыр. Екеуінің де жағдайы тұрақты, шағым жоқ, барлық медициналық көмекті алуда», – деп хабарлады Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

 

Еске сала кетейік, 19 маусым күні Алматы циркі маңындағы фонтанда бірнеше адамды тоқ соқты. Кейіннен әкімдік аталған оқиғанын мән-жайын түсіндірді. Сонымен қатар, «Eco Almaty» ЖШС басшысы Жанна Асанова, ол жерде «Шомылуға тыйым салынады!» деген ескерту тақташасы орнатылғанын атап өтті.

Алматы әкімі оқыс оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатқанын мәлім етті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img