spot_img
Жұма, Қазан 9, 2026
10.2 C
Kokshetau

Вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқандарға қандай шара қолданылады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова вакцинация мен ПТР-тестілеуден бас тартқан қызметкерлерге қандай шаралар қолданылатынын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алдағы уақытта бірқатар санаттағы адамдарды вакциналау бойынша міндетті талап болатынын білеміз. Бұл Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысында жазылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», – деп жауап берді Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде тілші сұрағына.

Оның айтуынша, әкімшілік жауапкершілік жеке тұлғалар үшін де (5 АЕК – 14 585 теңге), заңды тұлғалар үшін де қарастырылған. Жұмыс берушілер де бұл талаптарды орындамаса, әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

«Әрбір жұмыс беруші мемлекеттік дәрігердің қаулысын қалай орындайтынын анықтауы керек. Біз үшін оның орындалуы маңызды», – деді Айжан Есмағамбетова.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Ақмола облысында жедел ахуал тұрақты сақталып, қылмыс деңгейінің төмендеу үрдісі байқалады. Өңірлік полиция департаментінің 2026 жылдың үшінші тоқсанындағы жұмыс...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика