spot_img
Сенбі, Сәуір 20, 2024
18.2 C
Kokshetau

Көбейтұздың суы мен тұзы денсаулыққа зиян – министр

Сондай-ақ...оқыңыз

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарға Көбейтұзға бармауға кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Көбейтұз туралы нақты мынаны айта аламын. Біріншіден, былтыр әкімдік су мен тұзға талдау жасады, одан жағымсыз қорытынды шыққан. Ондағы су мен тұздың құрамында металдар өте көп екені мәлім болып отыр. Мен осы алаңды пайдаланып, тұрғындардан Көбейтұзға барудан тартынуды сұрағым келеді», – деген министр аталмыш көлді ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру жергілікті әкімдікке байланысты екенін ескертті.

«Ерекше қорғалатын аумаққа айналдыру мәселесіне келсек, бұл – жергілікті атқарушы органның құзырындағы шаруа. Біз оны жергілікті режимдегі ерекше қорғалатын аумаққа айналдыруды ұсынған болатынбыз. Лабораториялық зерттеулердің қорытындысын алып отырмыз. Әкімдік қазір бұл мәселені соңына дейін зерттеп бітіреді. Алдағы 1-2 күнде облыс әкімдігімен сөйлесіп, нақты мәлімет алатынымды айтқым келеді», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сонымен қатар, ведомство басшысы Көбейтұздың суы мен тұзы адам ағзасына қауіп төндіруі мүмкін деген болжам айтты.

«Көбейтұзға былтыр аудан әкімдігі кордон қойған. Одан әрі қарай көлікпен өтуге болмайды. Екіншіден, тағы қайталап айтамын, көлге бару адамдардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін», – деді Мағзұм Мырзағалиев.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ БҮГІНГІ БАТЫРЫСЫЗДАР!»

  Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов шыңдар мен жазықтарды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img