spot_img
Сейсенбі, Мамыр 26, 2026
18.3 C
Kokshetau

«Астана Балет» Көкшетауға гастрольдік сапармен келеді

Сондай-ақ...оқыңыз

 «Астана Балет» театрының шығармашылық ұжымы 7 және 8 шілдеде Көкшетауға гастрольдік сапармен келеді. «Көкшетау» Мәдениет үйінде  көрсетілетін ұлттық хореографияның үздік үлгілері мен неоклассикалық бір актілі балет Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Сапар шымылдығы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Айгүл Тәти мен Мукарам Авахридің «Ұлы Дала мұрасы» концерттік бағдарламасымен ашылады.

Театрды әйгілеп тұрған бұл бағдарлама ұлттық бояуы қанық би өрнектері мен музыка әуезі арқылы еліміздің ірі қалаларымен қатар, Еуропа және Американың талғампаз көрерменінің жүрегін баурап алған. Ұлттық тақырыптағы миниатюраларда этнографиялық материал мен батыл балетмейстерлік шешімдер үйлесім тапқан,-дейді ұйымдастырушылар.

Театрдың PR қызметінің мәліметінше, қойылымдағы қайталанбас пластикалық өрнектер, ықшамдылық пен мың бұралған бишілердің өнері тамсандырмай қоймайды. Концерттік бағдарлама визуалды-көркем әсерлермен және әсем костюмдермен ерекшеленеді. Эстетика, көздің жауын алар көріністер мен хореографиялық туындының терең мазмұны көрермен жанын жадыратып, көңілінің төрінен орын алады.

Хореографиялық салтанаттың шымылдығы, шақырылған хореограф Рикардо Амаранте қойған, театрымыздың репертуарындағы неоклассикалық қойылыммен жабылады. «A Fuego Lento» («Баяу жалын») балетінде оқиға классикалық қойылымдарға тән сарынмен баяндалмайды. Бұл – махаббат пен құштарлық жайлы балетмейстердің ұшқыр қиялының жемісі. Ғашық жандардың бойын билеген ғаламат сезім суреттелетін туынды. Бұрын-соңды беймәлім ұшқын-сезімнен пайда болған алау бойыңызды баурап алып, төңірегіңізді жалмап әкетер жалынға айналатынын суреттейтін қойылым,-дейді театр әкімшілігінен.

Репертуарының сан-алуандығы мен орындаушылық шеберлігі және сахнаны безендіру сапасы жоғары болғандықтан, «Астана Балет» қойылымдары өз елімізде ғана емес, шет елдерде де ерекше ілтипатпен қабылданады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау полицейлері қала тұрғындарына қоқыс тастау мен қоғамдық орындарда ішімдік ішу үшін жауапкершілік барын ескертті

Көкшетау қаласындағы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары күн сайын қоғамдық тәртіпті бұзу деректерін тіркеп отыр. Әсіресе рұқсат етілмеген орындарға...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика