spot_img
Жұма, Қазан 9, 2026
4.8 C
Kokshetau

Қазақстандық актер ережесіз жекпе-жекке шығады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар ережесіз жекпе-жек спортындағы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлады BAQ.KZ.

Prosports.kz сайтының жазуынша, 25 жастағы өнерпаз 16 маусымда Алматыда өтетін OCTAGON 20 турнирінде өнер көрсетеді. Оның қарсыласы 33 жастағы Мұхтар Жұмағали болмақ. Жекпе-жек аралық салмақ дәрежесінде (72 келі) өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Дамир Төленов (6-0) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы қырғызстандық Арген Маликов (5-2) болады. Бұл жекпе-жекте ең жеңіл салмақтағы (56,7 келі) вакантты титул сарапқа салынады.

Сонымен бірге турнирде Руслан Серікпұлов, Самбет Найманбаев, Бекзат Алмахан, Рүстем Мұхатов және Әлішер Ғабдуллин секілді файтерлер де өнер көрсетеді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында рұқсатсыз граффити салудың құқықтық салдары түсіндірілді

Ақмола облысында қоғамдық тәртіпті сақтау және вандализмнің алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Ғимараттардың қасбеттеріне, аялдамаларға, қоршауларға және басқа да...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика