spot_img
Жұма, Қыркүйек 25, 2026
11.8 C
Kokshetau

«Автобус» жедел-алдын алу шарасы жүргізіледі

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында 7-11 маусым аралығында «Автобус» жедел-алдын алу шарасы басталады,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Іс шараның мақсаты – жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, техникалық ақаулы немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігін пайдалану фактілерін анықтау, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу.

Жылдамдық режимін, басып озу, қарсы жүріп өту, маневр жасау, жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде автокөлікті басқару, сондай-ақ қоғамдық көлік жүргізушілерін рейс алдында медициналық тексеруден өткізу ережелерін сақтауға ерекше назар аударылатын болады.

Ақмола полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол ережесін сақтауға шақырады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 7 жылда 29 пайызға өсті

Соңғы жеті жылда Қазақстан экономикасы тұрақты өсім көрсетіп, жалпы ішкі өнім көлемі 29%-ға артты. Бұл көрсеткіш экономикалық белсенділіктің кеңеюін, өндірістің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика