spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 24, 2024
2.9 C
Kokshetau

Ақмола облысында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған онлайн байқау өтті

Сондай-ақ...оқыңыз

Аймақта өскелең ұрпаққа мемлекеттік тілді дамыту үшін көп көңіл бөлінеді, – деп хабарлайды Ішкі саясат басқармасы.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Ақмола облысының жергілікті қаламгерлері арасында балаларға арналған қазақ тіліндегі үздік шығармалар облыстық онлайн байқауын өткізді.

Байқаудың мақсаты – тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті, соның арасында жергілікті ақын, жазушы еңбектерін насихаттауды жандандыру, балаларға арналған қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды көбейту.

Биыл байқауға 28 үміткер қатысты. Байқауға қатысушыларды бағалау кезінде шығарма тілінің көркемдігі, ұлттық құндылықтарды насихаттауы, тартымдылығы мен мазмұндылығы ескерілді.

Байқау поэзиялық және прозалық шығарма номинациялары бойынша өтті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша поэзиялық шығармалардан 1-орынды Сайлау Жылқыбаев, 2-орынды Оралбек Нүрүш, 3-орынды Қайырбай Тореғожа иеленді.

Прозалық шығармалар бойынша 1-орынды Серік Жетпісқалиев, 2-орынды Нұрғайып Хавсемет, 3-орынды Қаратай Төлекеев иеленді.

Қалған байқау қатысушыларына ынталандыру сыйлықтары берілді.

«Биылғы жылы Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көріп, мақалада балалар әдебиетіне ерекше мән бергенін бәріміз жақсы білеміз. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі де 2021 жылды «Балалар әдебиеті» жылы деп жариялады.

Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен өткізілген  байқауға облыс қаламгерлері шығармашылықпен келіп, балаларға арналған қазақ тіліндегі әдеби шығармаларды көбейтуге өз үлестерін қосты», – деп өз ойымен қазылар алқасының төрағасы Ғосман Төлеғұл бөлісті.

Облыстық байқаудың жүлдегерлері дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Қазақ тілі қажеті болмаса, не үшін үйрендім?..» деген сөз қандай ауыр еді!..

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді үйреніп алып, қазақ тілінің көркемдігі мен шұрайлылығын насихаттап, мақтап етіп...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img