spot_img
Сейсенбі, Шілде 14, 2026
24.4 C
Kokshetau

Ақмолада әкесі ұлына пышақ салды

Сондай-ақ...оқыңыз

Жантүршігерлік оқиға Целиноград ауданының Приречное ауылында орын алды. Ішімдікке сылқия тойған әке баласымен жанжалдасып ақыры өз ұлына пышақ салған, деп хабарлайды «Aqmola News».

Отбасындағы сұмдық жағдайды 30 маусым күні Целиноград аудандық полиция бөліміне 63 жастағы әйел хабарлаған. Оның айтуынша жұбайы туған ұлына пышақ салып алған.

         «Оқиға орнына дереу жеткен полиция қызметкерлері 64 жастағы ер адамның алкогольді ішімдік ішкеннен кейін ұлымен жанжалдасқанын анықтаған. Қызбақанды әке 30 жастағы ұлының сол жақ қолтығының астына пышақ салған. Жігіт бірден ауруханаға жеткізілген. Ер адам өзінің айыбын толығымен мойындады. Заттай деректердің барлығы тәркіленіп алынды», – дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.

Қазіргі уақытта қылмыстық кодекстің 106 бабының 1 тармағы «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» акциясына 200-ге жуық тұрғын қатысты

Жақсы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тұрғындарды табиғатты аялауға үндейтін тағылымды іс-шаралар өтті. Басты мақсат – қоршаған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика