spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 17, 2024
9.6 C
Kokshetau

Асхат Аймағамбетов ақмолалық үздік оқушыларды мұғалім мамандығын таңдауға шақырды

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Талапкер ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынына қатысты, деп хабарлайды «Aqmola News».
Целиноград ауданындағы Талапкер орта мектебі 2012 жылы пайдалануға берілген. Мектеп 900 орындық, қазіргі кезде онда 1865 оқушы білім алып жүр.
Талапкерлік мектеп оқушылары әр түрлі республикалық, облыстық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Биыл мектепті 75 түлек бітіргелі жүр, ал 123 – 9 сыныптың оқушылары. Олардың ішінде 4 «Алтын белгі», 6 үздік аттестатқа үміткерлер бар.

«Міне, оқу жылы де өз мәресіне жетті. Бұл оқу жылы барлық оқушылар мен студенттер үшін оңай болған жоқ. Дүние жүзінің білім саласы пандемия деген сынақтан өтті» – деп бастады өз сөзін Асхат Қанатұлы.
«Білім және ғылым министрі ретінде тағы айтқым келеді, ең мықты үздік оқушыларға, ең мықты үздік түлектерге «мұғалім» мамандығын таңдауға шақырамын. Өйткені болашақтың кілті ұстаздардың қолында. Елімізді дамыған елдердің ішіне қосамыз десек, онда бізге мықты мұғалімдер керек. Ол үшін мықты, үздік оқушылар «мұғалім» мамандығын таңдау керек. Ол үшін біз тиісті жағдай жасап жатырмыз. Мемлекет басшысының қолдауымен ұстаздардың жалақысы өсіп жатыр. Оны тағы екі есе өсіреміз. Тиісті қолдау жасап, әрі қарай тиісті жағдайды жалғастырамыз. Мұғалімге оқып жүрген студенттердің стипендиясы ең жоғары, сондықтан ең мықты түлектер мұғалім маамандығын таңдайды деп үміттенемін – деді өз сөзінде Асхат Аймағамбетов.

Асхат Қанатұлы мектептің түлектерімен тағы бөлек сөйлесіп, көңіл-күйлері туралы да сұрады. «Сіздерге ҰБТ-да жақсы балл алуды тілеймін. Барлығы өздеріңіздің қолдарыңызда. Тек қана дұрыс жол таңдап, білім алып, ары қарай жолдарыңыз ашылсын» деп тілек білдірді.
Оған қоса министр мектеп бітірушілерімен өзінің өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, қиындық пен қателік жасаудан қорықпау керектігін айтты. Ата-аналардың кеңестерінің маңыздылығын де атап өтті.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Ақмола облысына жұмыс сапарымен келді

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Ол су тасқынына қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел штабтың...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img