spot_img
Сәрсенбі, Мамыр 15, 2024
12.2 C
Kokshetau

Асқар Мәмин Риддер қаласының өрттен зардап шеккен тұрғындарымен кездесті

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Риддер қаласына барды, деп хабарлайды «Aqmola News» primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы биыл 10 мамырда өрт салдарынан зардап шеккен қала тұрғындарымен кездесу өткізіп, зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы жұмыстарының барысын тексерді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Риддер қаласында болған өрттен зардап шеккен барлық отбасылар жақын арада жаңа тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдады», — деді А. Мамин.

Өрттен зардап шеккен отбасыларға арналған 30 жаңа тұрғын үйдің құрылысы төтенше жағдайлар салдарын жою үшін қарастырылған Үкімет резервінің қаражаты есебінен жаңа «Ботаника үшінші тұрғын үй ауданында» жүргізілуде. Әр үйдің ауданы – 80 шаршы метр, ал үй маңындағы жеке учаске көлемі – 10 сотық.

Риддер қаласында болған өрт салдарын жою үшін 557,5 млн теңге бөлінді. Құрылыс жұмыстарын «ОблШығысЖол», «VK Invest Company», «QK Sunqar», «Востоквзрывпром», «Kazprofstroy Holding» компаниялары жүргізуде.

Үйлердің құрылысын биылғы 15 тамызға қарай аяқтау жоспарланған. Жаңа шағын ауданда барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салынады.

Жұмыс сапарына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин қатысты.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Сақ стилі» жаңа сериясына жататын номиналы 5000 теңгелік банкнота туралы

Қазақстан Ұлттық Банкі 2023 жылы 25 желтоқсанда жаңа дизайндағы, 2023 жылғы үлгідегі, номиналы 5 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығарды. Бұл...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img