spot_img
Сейсенбі, Мамыр 21, 2024
8.4 C
Kokshetau

Бұланды ауданында жол жөндеу қарқын алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Тақтайдай тегіс жолды талай жыл армандаған бұландылықтар үшін биыл сабақты ине сәтімен болғалы тұр. Ойлы-шұңқыр жолдары орташа және күрделі жөндеуден өтуде, деп хабарлайды «Aqmola News».

 Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Жалпы Бұланды ауданының аумағында республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 33 шақырымды құрайды. Бұдан бөлек 110 шақырымдық облыстық және 200 шақырымнан асатын аудандық және 101,4 шақырым Макинск жолдары құрайды.

Ағымдағы жылы Макинск қаласындағы Балуан шолақ көшесі мен теміржол жақ аумақтағы жолдар жөнделе бастаған.

         «Макинск қаласының көшелерін ағымдағы жөндеу» жобасы бойынша қазіргі күннің өзінде Куйбышев, Лермонтов, Калинин, Горький, Ломоносов, Пархоменко және Громова деген 8 көшеге қиыршық тас төселіп жөндеуден өтті. Ал «Макинск қаласындағы Скуридин көшесін ағымдағы жөндеу» жобасымен жол белгілерін салу, су өткізу құбырларын салу және жолдарға асфальт төсеу қарастырылған. Ал Элеваторная және Пристанционнная көшелерін жөндеуде шұңқырларды тегістеу және асфальт салу қарастырылып отыр», – дейді Бұланды ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Кенжегүл Пірімбетова.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр Макинск қаласындағы жалпы ұзындығы 7,86 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарында орташа жөндеу өткізілді.

 

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» халықтық би ансамблі

 «Көкшетау» халықтық би ансамблінің «Жарты ғасыр жасаған «Көкшетау» атты мерейтойлық концерттік бағдарламасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменінің тағы бір мәрте...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img