spot_img
Жұма, Мамыр 3, 2024
8.4 C
Kokshetau

Көкшетауда жоғалған мұғалім жігіт қаңғыбастардың арасынан табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

10 мамырда жоғалған СҚО-ның тұрғыны, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Көкшетаудағы қараусыз орындардың бірінен табылды. Ер адам бұған дейін белгілі тұрағы жоқ тұлғалармен «өмір сүріпті»,- деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, СҚО тұрғыны, 53 жастағы әкесі 32 жастағы мұғалімнің жоғалғаны туралы арыз түсірген еді.

«40 қызметкерден тұратын арнайы іздестіру тобы құрылды, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылды. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция жоғалған адамның орналасқан жерін анықтай алды. Ол Көкшетау қаласындағы қараусыз қалған жерлердің бірінде болды, онда белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар арасында түнеп жүрген. Ер адам мұндай әрекетке неге барғанын түсіндірмеді», – делінген ведомствоның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ер адамға қатысты ешқандай қылмыс пен құқық бұзушылық жасалмағаны анықталды.

Айта кету керек, жалпы облыс аумағында 30 адам іздестірілуде. Полицейлердің айтуынша, жоғалудың көп бөлігі отбасылық жанжалдарға байланысты.

«Негізінен, адамдар үлкен отбасылық жанжалдардан кейін жоғалады. Жақын адамдарымен ұрысып, адам арнайы кетіп, ұялы телефонды өшіріп, байланысқа шықпайды. Алкогольді ішімдік ішкендер жиі кездеседі. Мұндай адамдарды біз осындай жерлерден табамыз», – деп атап өтті Ақмола облысы ПД КПБ жедел уәкілі Абзал Қайкенов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«ХАЛЫҚТЫҢ ЖАЙЛЫ ТҰРМЫСЫ ҮШІН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР ЖАСАЛАДЫ!»

Жазушы-драматург, қоғам және мемлекет қайраткері, Сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды. Бұл қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img