spot_img
Сенбі, Маусым 13, 2026
23.5 C
Kokshetau

Есіл тұрғыны адасып қалған қызғылт фламинго құсын видеоға түсіріп алды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл ауданының тұрғыны қызғылт фламинго құсын видеоға түсіріп алды. Болжам бойынша ерекше құс топталып ұшу уақытында Ақмола өңіріне қонып, адасып қалған, -деп хабарлайды «Aqmola News»ақпарат агенттігі.

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ 

Қызғылт фламинго-тропиктер мен субтропиктерді аймақта тіршілік етеді. Негізінен Орталық Қазақстанның тұзды көлдерінде кездеседі.

Фламинголарды басқа құстармен шатастыруға болмайды.

Бойы 120-145 см, салмағы 4 келіден асатын қанаттылар үшін Солтүстік Қазақстан облысындағы Қорғалжын қорығы әлемдегі ең Солтүстік орын болып саналады.

Қызғылт қанатты ерекше құс ушу уақытында Есіл ауданында қалып қойып, адасып қалғанға ұқсайды. Шамасы оған өңірдегі қазіргі уақыттағы жылы ауа райы да себеп болуы мүмкін,-дейді Есіл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Аталған видионың астына жергілікті тұрғындар түрлі пікірлер қалдыруда. «Біздің өңірімізде тіршілік ете алмаса, обал болатын болды», «Тиісті мекемелерге хабарласу қажет, мүмкін алып кетер…» , «Неткен әдемі құс!»-деп жазуда тұрғындар.

Қызғылт фламинго Қазақстанның қызыл кітабына енгізіліп, ерекше қорғауға алынған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Аршалы ауданында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Ақмола облысының Аршалы ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында «Таза ел – жарқын болашақ» атты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика