spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.2 C
Kokshetau

Денсаулық сақтау министрлігі QazVac вакцинасы туралы айтты

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі QazVac отандық вакцинасы қауіпсіз екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды «Aqmola News» ведомство сайтына сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, QAZVAC вакцинасының қауіпсіздігі зерттеу нәтижесінде расталды.

«QAZVAC вакцинасын клиникалық зерттеудің I-II фазасының нәтижелері бойынша есептер және III фазасының аралық есебі оның қауіпсіздігін растайды.

QAZVAC уақытша тіркеу куәлігі 2020 жылдың 31 желтоқсанында берілген болатын. Қазақстандық вакцинаны сынаудың үшінші кезеңі Хаттамада көзделген зерттеу субъектілерінің 50 пайыз белгісінен өтті және оны биыл 25 маусымда аяқтау жоспарланып отыр. Осыдан кейін QAZVAC тиімділігін толық бағалау жүргізіледі.

Вакциналардың клиникалық зерттеулері, соның ішінде III фазада, бүкіл әлемде жүріп жатыр. Ресей Федерациясы «Спутник V» зерттеулерін 2021 жылдың мамырының басында аяқтауды жоспарлап отыр, ал әлемдегі көптеген фармацевтикалық компания өз зерттеулерін 2022-2023 жылдары аяқтайды», – делінген хабарламада.

Қалыптасқан эпидемиялық жағдайға байланысты коронавирус инфекциясына қарсы вакциналарды медициналық қолдануға жедел жіберу туралы шешім әлемнің көптеген реттеуші органында қабылданатыны айтылды.

«Вакцинация аурудың таралуымен күресудің ең тиімді әдісі және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың сенімді әдісі болып қала береді. Бұл ретте, вакциналарды қолдануға рұқсат етудің қысқа мерзіміне қарамастан, олардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеру мұқият және барлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі», – деді ведомство өкілдері.

Хабарламада вакцинациядан кейін жағымсыз реакциялар анықталса, «пайда-тәуекелдің» қолайсыз арақатынасы туралы деректер алынса немесе өнертабысқа я пайдалы модельге үшінші тұлғалардың айрықша құқықтарын бұзу туралы күшіне енген сот шешімі болса вакцинаны уақытша тіркеу тоқтатыла тұруы немесе жойылуы мүмкін екені жазылған.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img