spot_img
Сенбі, Сәуір 27, 2024
14.8 C
Kokshetau

«Біржан салда жасалған»: Кәсіпкер ірімшік өндірісіне қажетті жас мамандарды жұмысқа шақырады

Сондай-ақ...оқыңыз

Біржан сал ауданындағы  «Alan cheese production» жауапкершілігі серіктестігі ірімшіктің қатты және жұмсақ сұрыптарын өндіретін кәсіпорындардың бірі.  Ірімшіктің 30 дан астам түрін шығаратын серіктестіктің өнімдері нарықта сұранысқа ие,-деп хабарлайды  «Aqmola News»Ақмола облысының ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Біржан сал ауданының кәсіпкері Дәурен Мұстафинов өз ауданында ірімшік пісіру саласымен айналысып келеді. Ол тек экологиялық таза өнімді, ГМО, сүт ұнтағы, пальма майы және басқа да жасанды қоспаларсыз шығаруды мақсат етті.

Өндіріс желісінде ірімшіктің 30-дан астам түрі бар. Бұл танымал сорттар: «Халлуми», «Адыгея», «Шевр», «Моцарелла», сулугуни, фета және брынза. «Qazaq Organic Food» және «Halal Food» өндіруші брендтері Нұр-Сұлтанда және Елорда маңындағы аудандарда танымал, ол барлық жерде сатылады.

«Қазіргі уақытта кәсіпорынның өндірістік қуаты тәулігіне төрт жүз килограмм қатты ірімшік пен мыңға жуық банка жұмсақ ірімшікті құрайды. Өндірісте итальяндық және голландиялық рецептілер қолданылады», – деді кәсіпорын басшысы.

Кәсіби кадрлардың жетіспеушілігіне қарамастан, бас технологпен мәселе шешілді – Сара Әбдіхалықова ірімшік пісіру процесін үнемі қадағалап отырады, технолог Бурабай ауданынан шақырылған.

Кәсіпкерлер үшін шикізат факторы да проблема емес, жергілікті сүт өндірушілермен ынтымақтастық жолға қойылған. Болашақта жеке мал шаруашылығы базасы үшін бордақылау алаңдарын құру мәселесі қарастырылуда, осылайша «Alan cheese production» ЖШС өндірістің толық циклді кәсіпорнына айналады.

Серіктестік жоспарында Крафт ірімшігі өндірісі бар. Ол үшін кәсіпорын болашағы зор жастар арасынан таланттар іздейді. Сонымен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және Щучье агротехникалық колледжімен үшжақты келісім жасалды,» Alan cheese production » – да студенттер өндірістік практикадан өтеді,-дейді кәсіпорын басшысы.

Бүгінде кәсіпорында Қызыл үйім ауылының және жақын маңдағы елді мекендердің отызға жуық жергілікті тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img