spot_img
Дүйсенбі, Мамыр 20, 2024
10.5 C
Kokshetau

Целиноградтықтар тазалық айына өз үлесін қосуда (ФОТО)

Сондай-ақ...оқыңыз
Целиноград ауданында 14 сәуір мен 15 мамыр аралығында елді мекендерді санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша көктемгі тазалық айы басталды,-деп хабарлайды «Aqmola news» ақпарат агенттігі аудан әкімдігіне сілтеме жасап. 
Өңірдің тазалық жұмыстарына барлық тұрғындар қатыса алады. Бір ай ішінде көгалдандыру, үйлердің, ғимараттар мен павильондардың қасбеттерін тиісті қалыпқа келтіру, жолдардың жүру бөліктерін, көшелерді, оранішілік аумақтарды жинау, гүлзарлардың, саябақтардың, жыралар мен өзендер мен көлдердің жағалау аймақтарының аумақтарын қоқыстан тазарту, зираттарды абаттандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі.
Бұдан басқа, монументтерге, ғимараттардағы мемориалдық тақталар ретке келтіріледі.
Сондай-ақ,
– «Ең үздік ауылдық округі»;
– «Ең үздік елді мекен»;
– «Ең үздік көше»;
– «Ең үздік үй»;
– «Ең үздік аула» номинациялары бойынша байқау ұйымдастырылады.
Біз ауданның барлық тұрғындарын, кәсіпорындарын, ұйымдарын, барлық меншік нысанындағы мекемелерін Целиноград ауданының аумағында санитарлық тәртіпті орнатуға және тазалықты сақтауға қатысуға шақырамыз. ҚР «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы» Заңының және Ақмола облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің нұсқамаларының негізінде көктемгі айлықты өткізу кезеңінде әлеуметтік қашықтықты, дезинфекциялық режимді және өзге де қауіпсіздік шараларын сақтау ұсынылады,-делінген әкімдік хабарламасында.
- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img