spot_img
Бейсенбі, Наурыз 28, 2024
2.3 C
Kokshetau

«Ветеринария» құзыреттілігі бойынша еліміздін 4 өңірінің колледж студенттері бақ сынасты

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Білім басқармасының жанындағы Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы, Ауылшаруашылық колледжінің базасында өткен «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills AQMOLA – 2021» кәсіби шеберліктің аймақаралық чемпионаты аяқталды, оған республиканың төрт колледжінің 8 өкілі қатысты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі. 

Додада Павлодар облысы ,«Ertis» Жоғары Инновациялық аграрлық колледжі және Солтүстік Қазақстан облысы Ж. Д. Қизатов атындағы Жоғары Ауылшаруашылық колледжі, Қостанай Ауылшаруашылық колледжі және Бурабай ауданындағы Ауылшаруашылық колледждері бақ сынасты.

«Жарыстың бірінші күні қатысушыларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу үшін жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың үлгілерін алу, ветеринариялық емдеу-диагностикалық манипуляцияларды орындау және тауық жұмыртқаларын овоскопиялауды жүргізу қажет болды. Екінші күні байқауға қатысушылар арнайы аппаратура мен аспаптарды пайдалана отырып, ветеринарлық емдеу-диагностикалық процесінің білімі мен дағдыларын көрсетті» – дейді Ауылшаруашылық колледжінің директоры Сергей Савельев.
Сараптамалық қазылар алқасы қатысушылардың кәсіби дағдыларын бағалады.

Қазылар алқасының құрамына ветеринарияның ғылыми және практикалық саласының өкілдері енді. Ақмола облысының ветеринария басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сыздықов Ағыбай, ветеринария ғылымдарының кандидаты, Қазақ агротехникалық университетінің морфология және физиология кафедрасының доценті Әшімов Сағандық, «Бурабай ауданының Ветеринарлық станциясы» директоры Әскер Қайыржанов қазылық етті.

Өткізілген байқау күндерінің нәтижесінде өздерінің оқу орындарын таныстырған қатысушылар үздік практикалық дағдыларын көрсетіп сертификаттармен марапатталды.

Ең лайықтылары жеңімпаз атанды.

1 орынды Қатаркөл ауылының Ауылшаруашылық колледжінің студенті Лебединская Лолита Алексеевна және Ж.Д. Қизатов атындағы Жоғары Ауылшаруашылық колледжінің  студенті Абдуманап Көпжан Ибрагимұлы өзара бөлісті.

2 орын және 3 орын сәйкесінше – «Ertis» Жоғары Инновациялық аграрлық колледжінің студенті  Сайлубаев Ғасыржан Алимханұлы, және Қостанай Ауылшаруашылық колледжінің студенті Галатова Анастасия Сергеевна иеленді.
1 орын жеңімпаздары WorldSkills Kazakhstan 2021 Ұлттық чемпионатында өз өңірлерінің намысын қорғайды.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қылшақты өзені арнасынан асып, маңайындағы үйлер суда қалды

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Көкшетау қаласының Қылшақты өзені дала суларының жиналуына байланысты арнасынан  асып, қызыл су маңайындағы жеке үйлерге...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img