spot_img
Сенбі, Мамыр 18, 2024
17.5 C
Kokshetau

Ақмолада «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын бірқатар нысандардың қызметіне рұқсат етілмек

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айнагүл Мусинаның «Облыс аумағындағы карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы» қолданыстағы қаулыға өзгерістер енгізген №16 жаңа қаулысы күшіне енді.

Жаңа қаулы арқылы «Ashyq» пилоттық жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларының бірқатар нысандарының жұмысына рұқсат етіледі.

Осылайша, құжатта «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларындағы нысандарды қоспағанда, компьютерлік клубтардың, боулинг-клубтардың, кинотеатрлардың, театрлардың, концерт залдарының қызметін тоқтата тұру көзделген. Бильярд залдарының қызметі де тоқтатылады.

Бірақ 2021 жылдың 21 сәуірінен бастап, Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан және «Ashyq» жобасына қатысатын бильярд қызметіне рұқсат етілген. Облыс өңірлерінде караоке қызметі де тоқтатылады.

2021 жылғы 5 мамырдан бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларында орналасқан караоке қызметіне рұқсат етіледі. 2021 жылғы 21 сәуірден бастап «Ashyq» жобасына қатысатын Көкшетау және Степногорск қалаларын қоспағанда, облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдардың қозғалысы да тоқтатылды.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Есімдері аңызға айналған атақты дәрігерлер Көкшетауда шеберлік сыныптарын өткізді

Облыс әкімі Марат Ахметжанов Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасында өңірге «Жедел абдоминалды хирургияның өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img