spot_img
Жұма, Сәуір 26, 2024
13.2 C
Kokshetau

«Отбасымызбен қазақша сөйлейміз»: Бурабай ауданында мектеп-гимназиясы челлендж бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бурабай ауданы, Зеленобор мектеп-гимназиясында Тәуелсіздіктің 30-жылдығына орай «Тәуелсіздік тірегі – тіл» қазақ тілі апталығының аясында «Отбасымызбен қазақша сөйлейміз» атты қашықтық байқауы өткізілуде. Байқаудың мақсаты балалардың отбасымен бірге үйде де мемлекеттік тілде сөйлеу, қазақ тілін насихаттау, балалардың ортасында тілге деген қызығушылықты ояту,-деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Зеленый бор ауылының мектеп – гимназиясы 1961 жылы құрылған. Мектепте осы оқу жылы 505 оқушы білім алуда. Қазақ сыныптарының саны – 11 болса, орыс сыныптарының саны – 22. Мектепте 69 мұғалім жұмыс істейді.
Қазіргі кезде орта және жоғарғы сынып оқушылары мектептің әлеуметтік желісі арқылы отбасы мүшелерімен қазақша диалог формасындағы шағын видеоролик жариялауда.

«Осы челленджге белсенді қатысушылардың бірі 8-сынып оқушысы Вестова Милана. Милана оқу озаты. Қазақ тілі оның сүйікті пәндерінің бірі. Бастауыш сыныптан бастап түрлі іс-шараларға қатысып мектеп абыройын асқақтатып жүрген оқушымыз» – деп мақтанады мектеп мұғалімдері

Жыл сайын Абай оқулары мен қазақ тілінен пәндік олимпиадаға қатысады. Аудандық пәндік олимпиаданың 2 орын, «Жарқын болашақ» олимпиадасының 2 орын иегері». Челленджге қатысу үшін Милана өзінің анасы Елена Вестовамен өздерінің сурет салғанды жақсы көретіндері туралы қазақ тілінде шағын видеоролик түсірді.

«Челендждің басты мақсаты өзге ұлт өкілдерінің қазақ тіліне деген құрметі. Мемлекеттік тілде оқытылмайтын сынып оқушылары бұл челенджге өз отбасыларымен қатысуда. Олар челендж түсіру барысында әр түрлі тақырыпта үй жағдайында отбасы мүшелерімен қазақ тілінде сөйлеседі. Бұл челленджге ата-аналар қазақ тіліне қызығушылық танытып белсенді қатысуда. Балаларымен диалог құру үшін жаңа қазақша сөздер үйреніп келе жатыр. Тіпті, қазақша жақсы білетін көршілерінің көмектеріне жүгінеді екен. Осылай ойын ретінде өткізген байқауды біз трендке айналдырғымыз келеді» – дейді Зеленобор мектеп-гимназиясының директоры Мейрамбек Рахимжанов. Мейрамбек Құдайбергенұлы – қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі.

Видеочелленджге қоса, бастауыш сыныптарда осы апталық аясында «Қызықты қазақ әлеміне саяхат» сайыс сабағы, ал 5 сыныптарда «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым» ашық сабағы өткізілді.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мемлекет басшысы: біз үшін ең басты мақсат – азаматтардың амандығы

  «Баршаңыз куә болып отырсыздар, қазір әлемде түрлі табиғат апаты көбейіп барады. Қазақстан да үлкен қатерге тап болды. Еліміздің көптеген...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img