spot_img
Жексенбі, Сәуір 28, 2024
11.7 C
Kokshetau

Агенттік пен ІІМ өкілдері «Болашақ сарайының» жұмысымен танысты

Сондай-ақ...оқыңыз

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов пен Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық аясында салынған «Воlashaq ѕагаіу» балалар мен жасөспірімдер сарайының қызметімен танысты,-деп хабарлайды «Aqmola News» ақпарат агенттігі.

Сарай екі ғимараттан тұрады – А және Б блоктары. А блогында IT-, ғылыми-техникалық және шығармашылық бағыттағы зертханалар мен сыныптар бар, Б блогы – спорттық. Бүгінгі таңда «Воlashaq ѕагаіу» базасында 1600-ден астам көкшетаулық оқушы 61 үйірмеге тегін қатысады.

Сарай жұмысының стратегиялық мақсаты неғұрлым бейімделген жастарды Жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген жастарды тәрбиелеу, білім алушылардың ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналдыру болып табылады.

Олжас Бектенов атап өткендей, ақпараттық технологиялар жастарға мобильді, коммуникабельді, қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге тез жауап беруге мүмкіндік береді.

Өскелең ұрпақтың бойында жаңа құндылықтар қалыптасады, осы құндылықтар инновациялық технологиялардың әсерінен жеке және ғылыми-техникалық әлеуетті, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталуы керек,-деді Бектенов.

 

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

«Шұғыл шара қолданып, 95 елді мекенді, олардағы 8 мың үйді су алудан сақтап қалдық», – Марат Ахметжанов

Жазушы, драматург, қоғам қайраткері, сенаторлар кеңесінің мүшесі Жабал Ерғалиевтің Фейсбук парақшасынан алынды: Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 25...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img