spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 11, 2024
-8.8 C
Kokshetau

Тәуелсіздік жылдарындағы Ақмола облысының өнеркәсіптегі жетістіктері

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында ел егемендігі жылдарында экономиканың өнеркәсіптік секторы белсенді дамуға ие болды. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 100 еседен астам өсті, өңдеу саласының үлесі 80% – дан асты, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

Бүгінде облыс негізгі өнім түрлерін – бидай, ұн, ет-сүт өнімдерін, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын, уран, алтын және т.б. экспорттайды.

Сондай-ақ, өңірде электровоздарды жөндеу бойынша қызметтер көрсетіледі, ауыр жүк автомобильдері, комбайндар, пресс-жинаушылар және басқа да ауыл шаруашылығы техникалары шығарылады. 2016 жылы «Қазақстан Агро Инновациялық Корпорациясы» ЖШС, «KazRost Engineering» ЖК қуаттылығы жылына 4,5 мың бірлік ауыл шаруашылығы және коммуналдық техниканың 500 астық жинайтын комбайндар өндірісінің жылдық қуаттылығымен Қазақстан-Беларусь индустриялық-технологиялық паркі іске қосылды.

«Ақмола облысында мойынтіректер өндірісі 1991 жылдан бастап 21 мың тоннаға дейін, алтын өндіретін кәсіпорындардың алтын өндірісі 32,6 тоннаға дейін, жүк және мамандандырылған автомобильдерді құрастыру соңғы 15 жылда жылына 1200 бірлікке дейін өсті», – деп атап өтті кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.

Айта кету керек, тау-кен металлургия кешенінде құрамында алтыны бар кендерді өндірудің ұлғаюына 2010 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Алтынтау Көкшетау» АҚ-ның Васильков алтын кені кен орнында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алтын өндіру фабрикасының іске қосылуы ықпал етті.

Тәуелсіздік жылдарында облыста халықаралық стандарттарға сәйкес келетін заманауи жоғары технологиялық зауыттар мен фабрикалар болып табылатын 35 өнеркәсіптік кәсіпорын ашылды. Олардың қатарында бірегей минералды су негізінде сусындар шығаратын «Көкшетау минералды сулары» АҚ,  автомобиль техникасын шығаратын «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ, керамикалық кірпіш шығаратын «ENKI» ЖШС, өсімдіктерді қорғаудың химиялық құралдарын шығаратын «Astana-NanChemicals» ЖШС, құс етін өндіретін «Макинск құс фабрикасы» ЖШС бар.

- Жарнама -spot_img

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола жеңіл атлеттері «Куала-Лумпурдағы халықаралық жарыстарда жеңіске жетті

Көкшетау қаласының спорттық өміріндегі маңызды оқиға Малайзия астанасы Куала-Лумпурда өткен есту қабілеттері бұзылған  спортшылар арасында X Азия — Тынық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img